Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Геннадий Головкин әлемнің ең үздік боксшысы деген атақтан үмітті

14 Қыркүйек 2014, 12:22
0
Геннадий Головкин.  world-boxing-news.com сайтынан
Геннадий Головкин. world-boxing-news.com сайтынан

 WBA (Super) және  IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің ең үздік боксшысы деген атақтан үмітті боксшылар қатарында, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Әлемнің үздік боксшысын анықтау үшін ресейлік Sports.ru порталы дауыс беруді ұйымдастырып отыр. Бұл тізімге америкалық бокшысы Флойд Мейвезер-кішісі де енген. Ол жақында ғана аргентиналық Маркос Майданды жеңіп, төрешілердің мынандай шешімімен – 115:112, 116:111, 116:111. чемпиондық титулын қорғаған болатын. Америкалық бокшы өзінің чемпиондық титулын жартылай орташа салмақта қорғады. Әлемнің ең үздік боксшысына үміткерлер қатарында тағы бір америкалық боксшы Бернард Хопкинстің де есімі бар.Сондай-ақ бұл атақтан филиппиндік  Мэнни Пакьяно және басқа да спортшылар үмітті. Ұнаған үміткерлеріңізге мына сілтеме бойынша дауыс бере аласыздар. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин Boxrec.com.порталының нұсқасы бойынша салмағының қатысынсыз әлемнің үздік боксшыларының ондығына енген болатын. Сондай-ақ ол қазіргі заманның ең айбарлы боксшысы деп танылды. Гена WBA бойынша чемпиондар тізімін құрастырған Bleacher Report порталының рейтингісінде көш бастап тұр. Қазақстандық бокшы әлемдегі ең көп көрермені бар боксшылардың алдыңғы сапында. Оның алдында тек филиппиндік  Мэнни Пакьяноның ғана көрермені ең көп боксшы болып табылады. 

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 қазан күні Карсонда (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді. Оның қарсыласы WBC нұсқасы бойынша орташа салмақтағы уақытша әлем чемпионы мексикалық  Марко Антонио Рубио. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай