WBA және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион атағының иегері Геннадий Головкин Алматы мен Астанада жанкүйерлерімен кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz әлеуметтік желідегі GGG тобына сілтеме жасай отырып.
WBA және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы, WBC нұсқасы бойынша уақытша чемпион атағының иегері Геннадий Головкин Алматы мен Астанада жанкүйерлерімен кездеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz әлеуметтік желідегі GGG тобына сілтеме жасай отырып.
"Құрметті жакүйерлер! Қараша айының ортасында Геннадий Головкин Астана мен Алматы қалаларында өзінің жанкүйерлерімен кедесуді жоспарлап отырғанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұдан басқа чемпион Астана қаласында баспасөз конференциясын өткізіп, БАҚ өкілдерімен кездеспек. Сондай-ақ ол бірнеше ресми салтанатты шараларға қатысуды жоспарлап отыр, дегенмен басты мақсаты жанкүйерлерімен кездесу", - делінген хабарламада.
"Барша қазақстандықтардың маған көрсеткен қолдауын өте жоғары бағалаймын. Менің ең негізгі жанкүйерлерім осы қалаларда, мен олармен қуана-қуана кездесемін", - деді Геннадий Головкин. Әлі растала қоймаған ақпаратқа сүйенсек, Головкин 22 қарашада Астанада өтетін "Ақтөбе" мен "Қайрат" арасындағы Қазақстан кубогының ақтық матчына қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы ендігі кезекте рингте британдық Мартин Мюрреймен кездеседі. Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Мюррей қазақстандық боксшыға оңай қарсылас емес деп санайды. "Мюррей Геннадиймен осы уақытқа дейін қолғап түйістірген боксшылардың ең мықтысы. Бұл Марко Антонио Рубионы жеңген жеңістің жалғасы болмақ. Еуропаға қайтып ораламыз. Мюррей орташа салмақта өзінің әлемдік стандартқа сәйкес келетін спортшы екенін дәлелдеген. Геннадий Головкин осы салмақта өзінің ең мықты боксшы екенін дәлелдеуді жалғастырмақ. Оның америкалық рингтегі кездесулері өте сәтті өтеді, бірақ боксшы үшін Еуропада өнер көрсету де өте маңызды. Өйткені ол жақта да Генаның жанкүйерлері көп", - дейді Леффлер.
Естеріңізге сала кетейік Монакода өтетін боксшылардың кездесуі 21 ақпанға жоспарланған. Геннадий Головкин мен Мартин Мюррей үшін бұл сайыс кәсіби рингтегі 32-кездесу. Бұған дейінгі кездесулердің бәрінде қазақстандық боксшы жеңіске жетіп 28-ін нокаутпен, ал 18 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған. Британдық боксшы 29 рет жеңген, оның 12-сінде жедел жеңіске жетті, бір жеңіліс, бір теңбе-тең. Бұған дейін Геннадий Головкин 19 қазанда АҚШ-та мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раунда накаутпен жеңді. Ал Мартин Мюррей 26 қазан күні италиялық Доменико Спадты жетінші раундта жеңді.