Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкин Рубионы екінші раундта нокаутқа жіберді

19 Қазан 2014, 10:59
0
© twitter.com/RBRBoxing
© twitter.com/RBRBoxing
© twitter.com/RBRBoxing
© twitter.com/RBRBoxing
© twitter.com/RBRBoxing
© twitter.com/RBRBoxing

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсоне қаласында WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WBC нұсқасының уақытша чемпионы 34 жастағы мексикалық Марко Антонио Рубионың арасындағы жекпе-жек аяқталды. Біздің отандасымыз екінші раундта қарсыласын есінен таңдырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

">

Айта кетейік, Головкин алаңға америкалық рэпперлер өзінің құрметіне арнайы шығарған StubHub Center атты жаңа композициясымен көтерілді.

Біздің жерлесіміз өзінің кәсіби рингтегі 31-ойынындағы 31-жеңісін көрсетті. Оның 28-і нокаутпен аяқталды. Бір айта кетерлігі, салмақ өлшеу барысында Рубионікі 73,4 келіні көрсетіп, талапқа сай келмеді. Негізі аттары аталып отырған боксшылардың салмағы 160 фунт, яғни 72,6 келіден аспауы керек еді. Ал Головкиннің салмағы - 72,1 келі. Осы үшін Рубионың ақысын 450 мыңнан 350 мыңға дейін кесіп тастаған-ды. Қазақстандық боксшы жеңіспен аяқтаған бұл ойыны үшін өзінің спорттық мансабындағы ең көп сыйақыны алмақшы, яғни 1 миллион доллар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай