06 наурыз 2019 16:44

Геннадий Головкин бір дәл соққысы үшін қанша ақша алғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Фото: boxingscene.com Геннадий Головкин. Фото: boxingscene.com

Ұлыбританиядағы ең көне әрі үлкен букмекерлік кеңселердің бірі саналатын Ladbrokes британ боксшыларының бір соққыдан қанша қаражат алғанын анықтап, статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ұлыбританиядағы ең көне әрі үлкен букмекерлік кеңселердің бірі саналатын Ladbrokes британ боксшыларының бір соққыдан қанша қаражат алғанын анықтап, статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл рейтингінің ТОП-10 тізіміне жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Келл Брук енді. Ол бұл рейтингіде тоғызынша орында тұр. 2016 жылы Брук қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан болатын. Лондондағы кездесуде GGG британ боксшысын бесінші раундта ұтты - сол кезде Бруктың командасы рингке орамал тастаған еді. Ал жекпе-жектен кейін оған ота жасалды.

Ladbrokes мәліметі бойынша, Брук әр дәл соққы үшін 46 433 фунт стерлинг (61 мың доллар) алған. Ал Головкин өзінің әр дәл соққысы үшін 29 675 фунтқа (39 мың доллар) байыған.

Рейтингіде жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Амир Хан көш бастап тұр. Ол 2016 жылы Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте әр дәл соққысы үшін 213 мың фунт (279 мың доллар) алған. Ал мексикалық боксшының табысы - әр дәл соққыға 43 168 фунт (56 мың доллар).

Айта кетейік, Головкин Альвареспен екі рет кездесті. 2017 жылы қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен алғашқы кездесу тең аяқталды. Ал бір жылдан кейін дәл сол аренада мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет ұтылып, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети