23 маусым 2015 10:11

Геннадий Головкин: Де Ла Хойямен қазір болса да кездесуге дайынмын

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Getty Images © Getty Images

Қазақстандық 33 жастағы боксшы Геннадий Головкин әлемнің экс-чемпионы 42 жастағы Оскар Де Ла Хойямен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды ESPN.


Қазақстандық 33 жастағы боксшы Геннадий Головкин әлемнің экс-чемпионы 42 жастағы Оскар Де Ла Хойямен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды ESPN.

Еске сала кетейік, соңғы рет рингке 2008 жылы шыққан Де Ла Хойя осыған дейін спортқа қайта оралу шарттарын айтқан болатын. "Мені рингке қайта әкелетін жалғыз жол бар: Флойд Мейвезер мен Головкин қыркүйекте жекпе-жек өткізсе, мен жеңген адаммен келесі жылы кездесемін", - деп жазды ол Twitter парақшасында. "Мен Оскарды сыйлаймын. Ол бокс әлемінде ұлы чемпион әрі жұлдыз болды. Ол менімен кездескісі келсе, мен қазір болса да дайынмын. Бұл да бір Big Drama Show болады", - деді Головкин өз кезегінде.

Қазақстандықтың промоутері Том Леффлер де бұл кездесуге қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. "Бұл Шугар Рэй Леонардтың Марвин Хаглермен кездесу үшін рингке қайта оралғанына ұқсас болады", - деді ол. Айта кетейік, Де Ла Хойя бұл оқиғаны да еске алды. "Егер Леонард мұны істей алса, неліктен менің қолымнан келмеуі керек? Біздің жағдайымыз ұқсас. Екеуміз де қызба әрі бәсекелестікті жақсы көретін адамбыз", - деді ол. 1987 жылы ұлы боксшылардың бірі Леонард орта салмақта әлем чемпионы Хаглермен кездесу үшін спорттан кетіп, салмағын көтеріп қайта оралды. Төрешілердің шешімімен Леонард жеңіске жетті.

Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қыркүйекте өткізеді. Оның қарсыласының кім болатыны әзірше белгісіз.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети