Геннадий Головкин Германияда Штиглиц-Штурм арасындағы жекпе-жекті тамашалады

09 Қараша 2014, 11:49
0
Геннадий Головкин Германияда Штиглиц-Штурм арасындағы жекпе-жекті тамашалады - Сурет "ВКонтакте" желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобынан алынды
Сурет "ВКонтакте" желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобынан алынды

WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша әлемнің орта салмақтағы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин екінші орта салмақтағы  WBO белбеуінің бұрынғы чемпионы 32 жастағы неміс Роберт Штиглицпен орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы неміс Феликс Штурм арасындағы жекпе-жекті тамашалады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Германияда өткен бұл жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды. 12 раундтық қорытындысы бойынша төрешілердің бірі 115-113 есебімен жеңісті Штурмға берсе, екінші төреші дәл осындай есеппен жеңісті Штиглицқа берген. Үшінші төреші 114-114 есебімен тең нәтижені тіркеді. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да қарымта кездесу өткізуге ниетті екенін айтты. Геннадий Головкин болса төрешілердің бұл шешімімен келісті. Ал екінші орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы Артур Абрахам бұл кездесуде Штурмның жеңіске жеткенін айтты. Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, қазанның 19-ы күні АҚШ-та өткен жекпе-жегінде Геннадий Головкин мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсірді. Қазақстандық боксшы өзінің мерзімінен бұрын аяқтаған кездесулерінің санын 18-ге жеткізді. Айта кетейік, Головкиннің келесі жекпе-жегі 2015 жылдың 21 ақпаны күні Монакода өтеді. Қарсыласы ағылшын боксшысы Мартин Мюррей болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай