10 қазан 2014 11:50

Геннадий Головкин Мэттью Маклинмен қайта жұдырықтасуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің Мэттью Маклинмен жекпе-жегі. Фото espn.com сайтынан алынды Геннадий Головкиннің Мэттью Маклинмен жекпе-жегі. Фото espn.com сайтынан алынды

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин британдық Мэттью Маклинмен қайта жұдырықтасуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Егер "оқиғаның тізбектелуі толығымен айқын және шынайы болса", онда екеуі қайта жекпе-жекке шығуы мүмкін, - деп жазады журналистер. 

Тізбектің бір буыны 32 жастағы Маклин мен 27 жастағы аргентиналық Хорке Себастьян Хейланд арасындағы кездесудің қорытындысынан кейін белгілі болады. Бұл жекпе-жек 15 қарашада Дублин қаласында өтеді. Бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBC тұжырымының әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Қазіргі таңда 33 жастағы пуэрторикалық Мигель Котто орта салмақтағы WBC тұжырымының әлем чемпионы болып табылады.

Егер оқиғаның тізбектелуі толығымен айқын және шынайы болса - Маклин іріктеуден өтіп, Котто атағынан бас тартатын болса, ал Головкин Рубионы жеңіп, толық WBC чемпиондық атағын иеленсе, онда Головкин мен Маклин қайта жұдырықтасуы мүмкін", - деп жазады Allboxing.ru.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жек 18 қазан күні өтеді. Осы кездесуден кейін уақытша WBC атағына кім ие болатындығы анықталады.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың жазында Геннадий Головкин Мэттью Маклинмен кездесіп, оны үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Маклин бауырына қатты соққы жіберіп алып, рингтің еденіне құлаған еді. Қазақстандық боксшы туралы басқа жаңалықты мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети