19 ақпан 2015 | 11:21

Геннадий Головкин: Тамаша шоу жасауға уәде беремін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©"Вконтакте" желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы Геннадий Головкин. ©"Вконтакте" желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы

Қазақстандық боксшы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы Геннадий Головкин 32 жастағы ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен жекпе-жегінің алдындағы соңғы баспасөз мәслихатында өзінің дайындығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 32 жастағы Геннадий Головкин 32 жастағы ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен жекпе-жегінің алдындағы соңғы баспасөз мәслихатында өзінің дайындығы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әрине менің қарсыласым Мартин Мюррей - тамаша шабуылшы әрі мықты жігіт. Оның өзін де, командасын да құрметтеймін. Оған қарап, жақсы көрінетінін байқаймын. Оның мықты екенін көремін. Питер Нильсенге, Маурисио Сулейманға, Жан Луиге, Родниге және Майклға рақмет, сіздерді көргеніме қуаныштымын, джентльмендер. Мұнда қайта келгенім үшін бақыттымын, мен Монаконы жақсы көремін. Мен өте үлкен драмалық шоуға 100 пайыз дайынмын. (...) Мен сейіл жекпе-жегі емес, тамаша шоу жасауға уәде беремін, себебі Мюррей - өте тамаша шабуылшы. Мен өзімді жақсы, күшті сезінемін, тамаша жекпе-жек болады!", - деп мәлімдеді Геннадий Головкин. Бұл жөнінде толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Ал бұл кезде Геннадий Головкиннің қарсыласы Мартин Мюррей Монакода өткен жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз мәслихатында қазақстандықты жеңетін адамның өзі болатынын мәлімдеді. "Головкин - тамаша шабуылшы, бірақ оны жеңетін адамның мен болатынымды сеземін", - деді ұлыбританиялық боксшы.

Еске сала кетейік, жұма күні 20 ақпанда - ресми салмақ өлшеу рәсімі, ал жекпе-жек ақпанның 21-інен 22-сіне қараған түні өтеді. Жекпе-жекті "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Екі боксшы үшін де бұл жекпе-жек кәсіби алаңдағы 32-кездесу болады. Геннадий Головкин бұған дейінгі кездесулерінің бәрінде жеңіске жеткен. Оның ішінде, 28 жекпе-жектің 18-ін қатарынан мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады. Мюррей өз кездесулерінде 29 рет жеңіп, бір рет жеңілген, бір рет тең түсті. Ресейлік букмекерлердің мәліметінше, ұлыбританиялық қарсыласына қарағанда қазақстандық боксшының жеңіске жетуге он есе көп мүмкіндігі бар. Алда болатын жекпе-жек туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети