1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Геннадий Головкинді қолдап, үздік видео жасағандар арасында байқау жарияланды

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Vesti.kz спорт порталы канадалық Стив Ролсспен жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді қолдау мақсатында үздік видео жасағандар арасында байқау жариялайды.

Порталдың мәліметінше, байқауға әлеуметтік желілерге #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе, #vestikz хэштегтерімен (жазбада барлық бес хэштег көрсетілуі тиіс) видео жариялаған кез келген қазақстандық қатыса алады. 

Редакция үздік үш видеоны таңдап, жеңімпаздарға Головкиннің Нью-Йорктегі жекпе-жегінен GGG кепкасын сыйлайды.

Барлығы оңай: үздік видео түсіріп, Instagram-да хэштегтерді көрсетіп, GGG кепкасын ал.

Айта кетейік, байқау 7 маусымға дейін жалғасады. Үздік видеолар 10 маусымда Vesti.kz порталында жарияланады.

Қарағандылықтар да өз кезегінде Головкинді қолдау мақсатында YouTube хостингіндегі ERG Kazakhstan арнасында флешмоб жариялады.

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - Стив Роллс (19-0, 10 КО). Боксшылар 164 фунтқа дейінгі аралықтағы салмақта өнер көрсетеді. Бұл бокс кеші қазақстандықтың DAZN компаниясымен үшжылдық келісімшартының алғашқы жекпе-жегі.