1. Басты
  2. Біл
  3. Бокс

GGG америкалық тележүргізушіні әзіл ретінде спаррингке шақырды

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) америкалық тележүргізуші әрі актер Марио Лопесті әзілдеп спаррингке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Марио Лопестің өзі Twitter желісіндегі парақшасында жазып, Головкиннің видеоүндеуін жариялады.

"Марио, қайдасың? Маған спарринг керек. Сен маған керексің, кел", - деген Головкин видеода.

"GGG менің келесі аптада Big Bear-ға келгенімді күтіп отыр", - деп жазған видео сипаттамасына Лопес.

Головкин мен Альварес арасындағы кездесу 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Қазірдің өзінде бұл бокс кешінің билеттері сатылып кеткен. АҚШ жерінде жекпе-жекті НВО арнасы ақылы жүйе бойынша көрсетеді.