25 қыркүйек 2019 14:21

Головкин - Деревянченко жекпе-жегін қашан және қайда көрсетеді?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/sergiy.derevyanchenko © instagram.com/sergiy.derevyanchenko

Қазақстандық QazSport және Qazaqstan телеарналары 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді. Кештің басты оқиғасы - қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы титулдық жекпе-жек болмақ, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Нұр-Сұлтан уақытымен шоу 6 қазанда таңертең басталады. Головкин мен Деревянченко орта салмақтағы екі титулға жұдырықтасады. IBF белбеуінен басқа боксшылар IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.

Головкин мен Деревянченконың басты жекпе-жегінен бөлек, бұл бокс кешінің аясында GGG Promotions компаниясының өкілі, екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов өнер көрсетеді. Ол он раундтық жекпе-жекте америкалық Эндрю Эрнандеспен кездеседі.

Еске салсақ, бүгінде бұл бокс кешінің ауқымы сегіз жекпе-жекке жетті. Головкин осы кездесуде нокаутпен жеңуге уәде берген

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети