15 желтоқсан 2015 13:16

Головкин 2016 жылы рингке үш рет шығады - промоутер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Bleacherreport.com © Bleacherreport.com

Орта салмақта WBA (Super), WBC (Interim), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 2016 жылы рингке үш рет шығады. Бұл туралы оның промоутері Том Леффлер айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG жоспарына өзгеріс енгізілген жоқ. Ол 2016 жылы рингке үш рет шығады. Головкин бокстағы ең белсенді әлем чемпионы", - деді Леффлер әлеуметтік желідегі парақшасында қолданушылардың сұрақтарына жауап бере отырып. Егер қазақстандық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен кездессе, екі жекпе-жек қана өткізеді.

Еске сала кетейік, 15 желтоқсанда Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы жекпе-жекке қатысты шешім шығарған болатын. Тараптардың өзара мәмілеге келуіне 31 мамырға дейін уақыт берілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети