18 қыркүйек 2015 11:56

Головкин "әлемдегі ең үздік боксшы" атағына үміткерлер қатарында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі The Ring басылымы Флойд Мейвезер мансабын аяқтағаннан кейін салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшысын анықтауды қолға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл атаққа WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин де үміткер.

Сонымен қатар, Сауль Альварес және Лео Санта Крус, америкалық Тимоти Брэдли, Теренс Кроуфорд, Кит Турман және Андре Уорд, ұлыбританиялық Келл Брук, пуэрторикан Мигель Котто, украиналық Владимир Кличко, ресейлік Сергей Ковалев, филиппин Мэнни Пакьяо, кубалық Гильермо Ригондо және жапониялық Синсукэ Яманака да үздік боксшы атағына үміткерлердің қатарында. Салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшысын анықтау үшін мына сілтемеге өту арқылы дауыс беруге болады.

Айта кетейік, The Ring басылымының P4P рейтингінде Роман Гонсалес көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Андре Уорд және Сергей Ковалев бар. Ал Геннадий Головкин төртінші орында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети