04 мамыр 2015 06:37

Головкин әлемнің үздік үш боксшысының қатарына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен Мэнни Пакьяо. ©Twitter/@GGGBoxing Геннадий Головкин мен Мэнни Пакьяо. ©Twitter/@GGGBoxing

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне тәуелсіз рейтингте (Pound-for-Pound, P4P) әлемнің ең үздік үш боксшысының қатарына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин салмақ дәрежесіне тәуелсіз рейтингте (Pound-for-Pound, P4P) әлемнің ең үздік үш боксшысының қатарына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық Флойд Мейвезер кіші мен филиппин Мэнни Пакьяоның жекпе-жегінен кейін Boxrec.com версиясы P4P тәуелсіз рейтингінде тізім жаңарты. Қатарынан 48 жеңісіне қол жеткізген Мейвезер P4P 2059 ұпаймен көш бастап тұр. Мансап жолындағы алтыншы жеңілісіне ұшыраған Пакьяо 925 ұпаймен тізімнің үшінші орнынан жетінші орынға түсті. 

Филиппиннің төмен қарай сырғуынан Головкин (1085) рейтингтегі үшінші орынға көтерілді. Головкин украин боксшысы Владимир Кличкодан кейінгі (1280) орында тұр.

Еске салайық, Флойд Мейвезер кіші мен Мэнни Пакьяоның кездесуі Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Мейвезерге берді. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Айта кетейік, екі боксшы бұл кездесуде жалпы сомасы 300 миллион доллар қаржы табыс тапты.

Орта салмақ тарихында нокаут бойынша ең жоғары көрсеткішке ие Головкин болса кәсіби рингте 32 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті (29-ы нокаутпен). 16 мамырда Головкин америкалық Вилли Монро кішімен жұдырықтасады. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі "Форум" аренасында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети