23 шілде 2018 11:43

Головкин Алматыға жасаған сапарынан кейін АҚШ-қа оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 33 КО) жаттығу лагерін үзуіне тура келуіне байланысты өз командасымен бірге Лос-Анджелеске қайтып оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 33 КО) жаттығу лагерін үзуіне тура келуіне байланысты өз командасымен бірге Лос-Анджелеске қайтып оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Лос-Анджелеске қазір ғана қондық. Абель Санчес, Геннадий Головкин және Али Ахмедов - барлығы да Мәскеуге барып қайтқаннан кейін LA-ға келді", - деді GGG промоутері Том Леффлер Twitter желісіндегі парақшасында. 

21 шілдеде Головкин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу үшін Алматыға келді. Қазақстандық боксшы 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерінің қазасын естігенде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жек өткізу үшін жаттығу лагерін үзді. Жерлеу рәсімінен кейін Головкин Мәскеуге барып, Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалын тамашалады.

Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы  T-Mobile аренасында өтеді. Айта кетейік, бір жыл бұрын қос боксшы осы аренада кездесіп, кіл мықтыны анықтай алмаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети