05 қыркүйек 2017 10:51

Головкин - Альварес жекпе-жегі АҚШ-та 400-ге жуық кинотеатрда көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© HBO.com © HBO.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында 16 қыркүйекте өтетін жекпе-жек АҚШ-та 400-ге жуық кинотеатрда көрсетіледі. Бұл туралы Golden Boy Promotions промоутерлік орталығының директоры Оскар Де Ла Хойя ESPN арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кинотеатрдағы көрсетілімдер HBO PPV арнасы арқылы трансляцияланады және жергілікті уақыт бойынша 20:00-де (Астана уақытымен 17 қыркүйекте 09:00-де басталады. 

"Канелоның" Головкинге қарсы жекпе-жегі - бұл көптен күткен кездесі. Ол миллиондаған жанкүйерді бірнеше уақыт бойы елеңдетеді. Сіз оны үлкен экраннан тамашалайтын болсаңыз, бұл оданда күшті әсер беретіні сөзсіз", - деді Де Ла Хойя. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети