16 қазан 2017 08:32

Головкин - Альварес реваншының трейлері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Fight Game YouTube-арнасы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий GGG Головкин арасындағы реваншқа арналған трейлер жариялады.


The Fight Game YouTube-арнасы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий GGG Головкин арасындағы реваншқа арналған трейлер жариялады.

Қазан айының басында Бүкіләлемдік бокс кеңесі Головкин мен "Канелоның" реваншын өткізу туралы шешім шығарған. Боксшылардың командасы келіссөздер жүргізуге кірісіп кетті. Олардың жекпе-жегі 2018 жылдың 5 мамырына белгіленіп отыр. Жекпе-жек өткізуге үш қала үмітті. 

Еске салайық, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтіп, тең аяқталған еді. Қазақстандық осылайша барлық титулын қорғап қалған, алайда 37 жеңісінен тұратын жолы үзілген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети