Головкин - Альварес жекпе-жегінің өтетін орны аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин - Альварес жекпе-жегінің өтетін орны аталды © ВКонтакте/"Геннадий GGG Головкин"

WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтеді делінген жекпе-жегінің орны аталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтеді делінген жекпе-жегінің орны аталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Boxingnews24.com мәліметінше, тараптар келісімге келіп жатса, Головкин мен Альварес Мексиканың Тәуелсіздік күні 17 қыркүйекте АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласында орналасқан 90 мың адамдық AT&T Stadium стадионында жұдырықтасады. Стадион 2009 жылдың 27 мамырында ашылыпты. 

Осыған дейін БАҚ қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасында жекпе-жек өтсе, гонорарларының қалай үлестірілуі мүмкін екенін хабарлаған еді. 

Еске салайық, Альварес титулдан бас тартқаннан кейін, Головкин кәсіпқой бокста титулы ең көп боксшы атанды. Ол енді ағылшын боксшысы, жеңіліп көрмеген Билли Джо Сондерстің WBO белбеуін жеңіп алуы керек.

Головкиннің келесі жекпе-жегі қыркүйекте өтеді, алайда қарсыласы әзірше белгісіз. Таяду GGG қарсыласын жанкүйерлеріне таңдатқан еді. Ал Абель Санчес Головкин - Альварес жекпе-жегі өтетін күнді атаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети