Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Альварес пен Головкин жұдырықтасқан жағдайдағы гонорарлары есептелді

24 Мамыр 2016, 09:32
0
© ВКонтакте/"Геннадий GGG Головкин"
© ВКонтакте/"Геннадий GGG Головкин"

БАҚ қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасында жекпе-жек өтсе, гонорарларының қалай үлестірілуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

LA Times мәліметінше, мексикалық сәтті келісімшарт жасалса гонорардың 55 пайызын, ал қазақстандық 45 пайызын алар еді. Айта кетейік, Головкин мен Альварестің командалары 24 мамырға дейін келісімге келуі керек болатын, бірақ мексикалық орта салмақтағы WBC белбеуінен бас тартты.

Boxingnews24.com басылымының хабарына қарағанда, Альварес титулдан бас тартқанда бұл сандар өзгеруі мүмкін. "Golden Boy мен "Канело" Головкинмен жұдырықтасқысы келе ме, жоқ па - оны да білмейміз. "Канело" титулды қазақстандықпен жұдырықтаспау үшін бере салды дейтіндер көп. Біз енді Golden Boy мен "Канелоның" Головкинмен келесі айда қаншалықты жұдырықтасқысы келетінін анықтаймыз", - деп жазады басылым.

Еске салайық, Альварес титулдан бас тартқаннан кейін, Головкин кәсіпқой бокста титулы ең көп боксшы атанды. Ол енді ағылшын боксшысы, жеңіліп көрмеген Билли Джо Сондерстің WBO белбеуін жеңіп алуы керек.

Головкиннің келесі жекпе-жегі қыркүйекте өтеді, алайда қарсыласы әзірше белгісіз. Таяуда GGG қарсыласын жанкүйерлеріне таңдатқан еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай