Головкин америкалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

20 Наурыз, 14:59
0
Головкин америкалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін - © BoxingScene.com
© BoxingScene.com

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегінде америкалық 29 жастағы Брэндон Адамспен (21-2, 13 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы The Ring және FOX Sports журналисі Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер күзде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу жоспарланып отырғандықтан, қазақстандыққа қарсы оны жеңіп кетуі мүмкін қарсылас қоймайтынын айтады.

"Мәлімет көздері: Брэндон Адамсқа орта салмақта Геннадий Головкинге DAZN-дегі алғашқы жекпе-жегіне қарсылас болу ұсынылды. The Contender (америкалық спорттық реалити-шоу) соңғы маусымын ұтқан Адамс GGG-дің маусым айына жекпе-жегіне қарсылас ретінде қарастырылып отыр.

GGG өзін жеңіп кетуі мүмкін боксшымен жұдырықтаспайды, DAZN "Канеломен" күзгі айқасына қанша құйып отырғанын есепке алу керек. Бокстағы бұл тәсіл көнеден келе жатыр. GGG - Адамс жекпе-жегімен қиындықтар туындамайды", - деп жазды Коппинджер Twitter желісінде.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай