20 қараша 2017 16:12

Головкин басқа салмаққа өтуге дайын екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) басқа салмаққа өтуі және карьерасын қашан аяқтайтыны жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Орта салмақ маған ыңғайлы, алайда екінші орта салмақта жақсы ұсыныстар болып жатса, мен дайынмын, - деді Головкин ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында. - Мен әлі жұдырықтасқым келеді, үш немесе бес жыл, алайда бір соққы бүкіл өміріңді өзгертіп жіберуі мүмкін. Келесі жекпе-жекте-ақ барлығы өзгеріп сала беруі мүмкін". 

Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізді. Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети