Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Головкин биыл теңдессіз чемпион атанады деп үміттенемін - Абель Санчес

19 Мамыр 2016, 10:29
0
Геннадий Головкин мне Абель Санчес. © Аllboxing.ru
Геннадий Головкин мне Абель Санчес. © Аllboxing.ru

Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің биыл орта салмақтағы абсолютті чемпион болатынына үміттеніп отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сауль "Канело" Альварес WBC титулынан бас тартқаннан кейін ол Головкинге берілген болатын. "Мен осылай болатынын білдім. Ары қарай WBC чемпионы ретінде жылжитынымыз үшін қуаныштымын. Головкинде орта салмақтағы үш чемпиондық атақ бар, ол биыл төртінші титулға қол жеткізіп, абсолют чемпион атанады деп үміттенеміз", - деді боксшының бапкері.

Сонымен қатар, Головкиннің промоутері Том Леффлер Альварестің титулдан бас тартуы ештеңені өзгертпейтінін мәлімдеді. "Оның титулдан бас тартуы ештеңе өзгертпейді. Біз осы супер жекпе-жекті өткізу үшін келіссөздер жүргізуді жалғастыра береміз", - деді Леффлер.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай