15 қазан 2014 20:21

Головкин Бораттан Қазақстаннан шыққан ең танымал адам атағын тартып алды - боксшы Маклин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мэтью Маклин мен Геннадий Головкин. Фото boxnews.com.ua сайтынан Мэтью Маклин мен Геннадий Головкин. Фото boxnews.com.ua сайтынан

Британия боксшысы Мэтью Маклин ESPN телеарнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен тағы да рингте кездескісі келетіндігін мәлімдеп, "қазақстандық боксшы Бораттан Қазақстаннан шыққан ең танымал адам атағын алып қойды" - деп қағытыпты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.


Британия боксшысы Мэтью Маклин ESPN телеарнасына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен тағы да рингте кездескісі келетіндігін мәлімдеп, "қазақстандық боксшы Бораттан Қазақстаннан шыққан ең танымал адам атағын алып қойды" - деп қағытыпты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

"Егер мен әлем чемпионы атағына қол жеткізсем, онда менің Головкинмен қайтадан кездескім келеді. Мен оны ұрып тастайтыныма сенімді емеспін. Өйткені оны орта салмақтағы әлемнің ең үздік боксшысы деп санаймын. Бірақ мен оның көзіне көк шыбын үймелетіп, қарсылық көрсете аламын. Өткен жолы мен ондай қарсылық көрсете алмаған едім. Онымен жекпе-жекке шығу үшін тағы да бәрін ортаға қояр едім. Геннадий Головкин ендігі Бораттан Қазақстаннан шыққан ең танымал адам атағын алып алды. Егер ол осы бетінен қайтпаса, онда салмақ дәрежесіне қарамай ең үздік боксшы атанған Флойд Мейвезер-кішіні де тағынан ауыстырады", - деп мәлімдеді Маклин.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Мэтью Маклин рингте 2013 жылдың 30 маусымында кездескен. Онда Қазақстан боксшысы британдықты үшінші минутта-ақ нокаутқа түсірген. Британия боксшысының сұхбатын мына жерден оқи аласыздар.

Қосарымыз, Головкин келесі жекпе-жегін 18 қазан күні мексикалық Марко Антонио Рубиомен өткізеді. Қазақстанда бұл жекпе-жекті KazSport телеарнасынан, 19 қазан күні таңертеңгі сағат 08:30-да көруге болады.

Бұған дейін баспасөзде "егер нақты бір және мейілінше шынайы оқиғалар желісі жүзеге асса", онда Геннадий Головкиннің Мэтью Маклинмен тағы да айқасуы мүмкін деп жарияланған еді. Бұл жөнінде толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети