Головкин-Брук жекпе-жегі жыл оқиғасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин-Брук жекпе-жегі жыл оқиғасы болды © Vesti.kz

K2 Promotions промоутерлік компаниясы 2016 жылдың қорытындысын жасап, түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздарды атады, - деп хабарлайды Vesti.kz boxingnews24.com сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

K2 Promotions промоутерлік компаниясы 2016 жылдың қорытындысын жасап, түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздарды атады, - деп хабарлайды Vesti.kz boxingnews24.com сайтына сілтеме жасап. 

Осылайша, 10 қыркүйек күні Геннадий Головкин мен ұлыбритандық боксшы Келл Бруктің Лондонда өткен жекпе-жегі жыл оқиғасы ретінде мойындалды. 

Ол кезде бірінші күні-ақ 11 минутта 19 мыңнан аса билет сатылғаны айтылады, ал Головкин үшін бұл Ұлыбританиядағы алғашқы жекпе-жек болған еді. 

Жекпе-жек бесінші раундта Бруктің секунданты рингке ақ орамал тастаған соң бірден тоқтатылған болатын. Кейін ұлыбританиялық боксшы Головкин екінші раундата-ақ оның көз ұясының сүйегін сындырып жібергенін айтқан еді.

Головкин 36 жекпе-жек өткізіп бәрін де жеңіспен, ал 33 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Сонымен қатар, қазақстандық 23 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтап, орта салмақ дәрежесіндегі тарихтағы ең үздік нокаутшы атанған еді. 

"Жыл бапкерін" екінші рет қатарынан Абель Санчес алып отыр. Ол Головкинмен қатар, Мурат Гассиев, Денис Шафиков, Энди Руис, Алекс Сауседо мен Константин Пономаревті де жаттықтырады. 

Жыл боксшысы атағы Роман Гонсалеске бұйырды. 

Еске салайық, Головкин-Брук жекпе-жегін Бүкіләлемдік бокс кеңесі де (WBC)  "Жыл оқиғасы" деп мойындаған болатын. Сонымен бірге, қазақстандық WBC-дан ең басым келетін боксшы ретінде арнайы сыйлыққа ие болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети