Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкин Брукпен кездесуі жайлы: Бұл мен үшін спарринг сияқты болды

11 Қыркүйек 2016, 08:25
0
Головкин-Брук жекпе жегі. © REUTERS
Головкин-Брук жекпе жегі. © REUTERS

Геннадий Головкин ұлыбританиялық Келл Брукпен өткен кездесуде жеңіске жеткен соң өз салмақ дәрежесінде кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Бірақ бірінші кезекте Билли Джо Сондерспен кездескісі келетін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Лондонға және менің барлық жанкүйеріме рақмет. Келл жақсы боксшы. Оны құрметтеймін, оны осыншалық мықты боксшы деп ойламадым. Бұл маған спарринг сияқты болды. Соққыларды онша сезбедім. Мен оның орта салмақ дәрежесіне көшуіне барымды салдым. Енді мен кез келген жекпе-жекке дайынмын. Ең біріншіден, Билли Джо Сондерспен жұдырықтасқым келеді"", - деді Головкин.

Ал Келл Брук өз кезегінде рингке қайта оралатынын мәлімдеді. "Көңілім қалды. Одан бұдан да мығым соққылар күткенмін. Иә, екінші раундта көзіме дәл тигізді. Ешкім онымен жұдырықтасқысы келмейді, ал мен тағы шыққым келеді. Ашыла алмадым. Шынымды айтсам, бірнеше соққыдан кейін ешқайда қашып құтыла алмадым. Орта салмақта өзімді жақсы сезінемін. Бар мүмкіндігімді көрсете алмадым. Сауль "Канело" Альвареспен кездесуге дайынмын. Бапкер сырттан қарап тұрғандықтан, ол дұрыс шешім шығарды деп ойлаймын, бірақ мен жекпе-жекті жалғастыруға дайын едім", - деді Брук.

Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді.Сондай-ақ, кездесу алдында жағымсыз жағдай болды. Ағылшын көрермендері Қазақстанның әнұраны орындала бастағанда ысқырып, құрметсіздік көрсетті. Sky Sport телеарнасы отандастарының бұл әрекетін тәртіпсіздік деп сөкті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай