07 наурыз 2014 15:07

Головкин Чавеспен кездесуге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Фото: zimbio.com Геннадий Головкин. Фото: zimbio.com

Орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Хулио Сезар Чавестің ұсынысын қабылдауға дайын. Бұл жөнінде Los Angeles Times хабарлады. Егер екі тараптың өкілдері бұл жекпе-жектің қаржылық және өзге мәлелелерін шешіп жатса, кездесу жазда өтеді. Негізі Головкин 26 сәуірде Энди Лиге қарсы жұдырықтасуға тиіс болған. Бірақ, Головкин отбасылық жағдайына байланысты бұл кездесуден бас тартқан. Өз кезегінде Чавес наурыз айының басында америкалық Брайан Верамен болған қарымта кездесуде жеңіске жетті. Бұл жекпе-жекті Головкиннің бапкері Абель Санчес пен промоутері Том Леффлер арнайы тамашалаған. Брайан Вераны жеңгеннен кейін Чавес ендігі кезекте Головкинмен күш сынасқысы келетінін дүйім жұртқа жариялаған еді. Жекпе-жектен соң Леффлер мексикалық боксшының промоутері Боб Аруммен алдағы жекпе-жектің кейбір детальдарын да талқылап үлгерген екен. Оның айтуынша, Головкин мықты қарсыластармен жұдырықтасуды ойлап жүр. Егер екі тарап бұл кездесуге байланысты барлық құжаттарға қол қойса, боксшылар шаршы алаңға шілде айында шығып қалуы әбден мүмкін. "Головкин чемпиондық атақтардың барлығын біріктіру үшін атағы алысқа кеткен боксшылармен жұдырықтасқысы келеді. Бірақ, біз мықты боксшыларды онымен жұдырықтасуға көндіре алмай келеміз. Осы орайда Чавестің де мықты боксшы екенін айткым келеді. Головкин онымен кездесуге дайын. Егер Головкин мен Чавес арасындағы кездесудің келісім шарты жасалып жатса, онда бұл кездесу 12 шілде күні Лос-Анджелес қаласының маңындағы Инглвудте орналасқан "Форум" аренасында өтуі мүмкін", - дейді Леффлер

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети