21 ақпан 2019 14:56

Головкин чемпиондық белбеулерді біріктіру мақсатынан айныды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) белбеулерді біріктіру мақсатынан айныды. Бұл туралы боксшының бапкері Абель Санчес BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Спорттық мансабында қазіргі уақытта төрт белбеуді жинауға тырысу мүмкін емес. Бірақ өткізетін жақсы жекпе-жектер әлі көп. Халық тамашалығысы келетін жақсы текетірестер бар. Кіммен жұдырықтасқысы келетінін шешкен кезде бұл туралы бірден хабарланады. 

Кімді таңдайтынын айту қиын, ол барлық мүмкіндіктерді қарап жатыр. Қалпына келіп, уақытын отбасымен өткізуде. Алдағы бір-екі аптада шешім қабылдайды деген үміттемін. Ол шешімнің өзі, отбасы мен спорт үшін ең ұтымды екенін түсіну керек", - дейді Санчес.

Айта кетейік, Головкин дивизиондағы барлық белбеулерді біріктіруді мақсат тұтқан. Абсолют чемпион атану үшін оған WBO белбеуі ғана қажет еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети