1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің соққылар статистикасы жарияланды 19 наурыз 2017, 13:40

Айта кетейік, қазылар алқасының шешіміне күмән келтіргендер бар.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF, IBO титулдарының иегері Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобстың кездесуіндегі соққылар статистикасы жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Compubox мәліметінше, Головкин жекпе-жекте 615 соққы жасап, оның 231-і дөп тиген (37,6 пайыз). Джебтерінің 356-сының 105-і тиген (29,5 пайыз), қуатты соқыларының 250-інің 126-сы дөп тиген.

Ал Джейкобс азырақ соққы жасаған (541) және дөп тигендері де кем - 175і ғана діттеген жеріне тиген (32,3 пайыз). Америкалықтың джебтерінің 170-нің 31-і тисе (18,2), 371 қуатты соққысының 144-і (38 пайыз) дөп тиген. 

Ал осының алдында Қуат "Найман" Хамитов Головкинге бокстан кетуге кеңес берген болатын.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Жекпе-жектің толық видеосын мына жерден көре аласыздар.



Firebase Cloud Messaging