Головкин Флойд Мейвезермен "жұдырықтасып көрді"

Коллаж. ©Тұрар Қазанғапов

WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) америкалық ESPN телеарнасының SportsNation студиясына қонақ болды. 

Геннадий Головкин 38 жастағы америкалық боксшы Флойд Мейвезердің (48-0, 26 КО) студияда орналасқан жарнама қалыбымен "спарринг" жүргізіп көрді. Бұл суретті Facebook желісіндегі парақшасында қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес салды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Головкин Мейвезермен жұдырықтасқысы келетіні жайлы бірнеше мәрте айтқан болатын. Тіпті қазақстандықтың салмақ қуа бастағаны жайлы да ақпарат шықты. Алайда Санчес өз шәкіртінің қазіргі уақытта жаттығу жасауын үзіп, отбасымен демалып жатқанын хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама