Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Мейвезерді жеңетініме жүз пайыз сенімдімін - Геннадий Головкин

16 Маусым 2015, 18:46
1
Геннадий Головкин. © Bleacher Report
Геннадий Головкин. © Bleacher Report

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ағылшын Флойд Мейвезер кішімен өтуі мүмкін кездесу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық TMZ-ге берген сұхбатында егер ол кездесу болса, жеңіп шығатынына сенімді екенін мәлімдеді.

"Ол ғажап кездесу болар еді. Бұл - менің арманым. Әрине, мен Флойдты жеңе аламын. Жеке басыма қатысты дүние емес, бар болғаны бизнес. Мен оны жеңетініме жүз пайыз сенемін. Мен кез келген боксшыны жеңуге дайынмын", - деді Головкин.

Айта кетейік, Қарағандының тумасы 33 жастағы  Геннадий Головкин - WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Кәсіби рингте Головкин 33 кездесу өткізді және барлығында жеңіп шықты (30 нокаунт).

Флойд Мейвезер кіші Ring журналының тұжырымы бойынша, салмақ дәрежесіне қарамастан бірнеше рет әлемнің үздік боксшы деп танылды. Оның қоржынында 48 жеңіс, оның ішінде 26 нокаут бар. Мейвезер соңғы рет рингке 2 мамырда шығып, есеп бойынша филиппиндік Мэнни Пакьяоны жеңді. Жекпе-жектен кейін ол барлық чемпион белдігінен бас тартатынын және мансабындағы ең соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізетінін мәлімдеді.

Мейвезердің әкесі әрі бапкері ұлының Головкинді жеңетінін айтты. Ал әлемнің экс-чемпионы Шейн Мозли Головкин Мейвезерді нокаутқа түсіре алатын жалғыз боксшы деп есептейді.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай