10 ақпан 2021 09:58

Головкин - "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін уақыт аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters© Фото: Reuters©

GGG - "Канело" жекпе-жегі өтуі мүмкін уақыт аталды. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жақын арада өтуі қажет, әйтпесе өзекті болмай қалуы мүмкін. WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісімен әңгіме барысында осылай деді.


GGG - "Канело" жекпе-жегі өтуі мүмкін уақыт аталды. Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек жақын арада өтуі қажет, әйтпесе өзекті болмай қалуы мүмкін. WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісімен әңгіме барысында осылай деді.

Фил Джей Головкиннің "Канеломен" кез келген салмақтағы жекпе-жегі айтулы оқиға болатынын айтты. 

"Алайда мексикалық боксшының жекпе-жек кестесі өте тығыз. Мамырда Йылдырыммен, кейін Сондерспен жекпе-жекке шығады. Түрік боксшысының мүмкіндігі жоқ, ал "Канелоның" қазіргі дайындығы Билли Джодан әлдеқайда күшті. Бұл екі кездесуден кейін не болатыны белгісіз. Мүмкін, Головкинмен немесе күзде Платпен үшінші жекпе-жегінің өтетінін жариялайды. Қазір GGG "Канеломен" бәсекелесе алатын санаулы спортшылардың бірі. Ал көрермендер мен жанкүйерлер бәсекені қалайды. Екі жақ та жағдайды жақсы түсінеді және жекпе-жек өткізу үшін қолдан келгенін жасайды", - дейді ол.

Сарапшы жекпе-жек өтуі ықтимал мерзімдерді атады.

"Олар күзде немесе келесі жылдың көктемінде кездеседі. Одан кейін жекпе-жек өзегін жоғалтады", - дейді Фил Джей.

Айта кетейік, ресми келіссөздер әлі болған жоқ. Бұған дейін БАҚ-та Головкин жеңіске жетсе, онда ол қыркүйекте "Канеломен" үшінші жекпе-жегін өткізуге тырысады, ал Хайме жеңсе, болашақта Альвареске қарсы тұра алатын жаңа жұлдыз пайда болатыны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети