1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин - "Канело" жекпе-жегінің жабық көрсетілімі қанша тұрады?

© Boxingscene.com © Boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жекпе-жегіне билет ала алмағандар Лас-Вегастың мәдени демалыс орталықтарындағы жабық түрдегі тікелей көрсетілім арқылы тамашалай алады, - деп хабарлайды Vesti.kz BoxingScene.com порталына сілтеме жасап. 

Мысалы, олар мына жерлерден көре алады: Bellagio Resort and Casino, MGM Grand Hotel and Casino, Mandalay Bay Resort and Casino, The Mirage Hotel and Casino, Monte Carlo Resort and Casino, New York-New York Hotel and Casino, Luxor Hotel and Casino и Circus Circus Las Vegas. Құны - 75 доллар. 

"Жабық көрсетілім - Лас-Вегастағы мегажекпе-жекті тамашалуға арналған ең тиімді тәсіл, ол фанаттарға тартысты атмосфера әсерін қалдырады", - деді Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.