23 тамыз 2018 12:53

Головкин - "Канело" рематчында төрелік ететін қазылар қанша гонорар алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кіші Бенджи Эстевес. © zimbio.com Кіші Бенджи Эстевес. © zimbio.com

NSAC ұйымы орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жектің төрешілері қанша гонорар алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


NSAC ұйымы орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жектің төрешілері қанша гонорар алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рингтегі үшінші адам кіші Бенджи Эстевес болады, ал ұпай санына Дэйв Моретти, Гленн Фельдман және Стив Вайсфельд жауапты.

ESPN мәліметінше, өз жұмысы үшін Эставес бес мың доллар алады, ал төрешілер екі есе төмен - әрқайсысына 2500 долардан. Төлемдерді Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) жүргізеді. Бұл ұйым Лас-Вегастағы бокс жекпе-жектерінің ережелері мен регламентінің сақталуына жауапты.

ESPN шолушысы Дэн Рафаэль төреші Моррети мұның алдында Головкиннің бір және Альварестің алты жекпе-жегіне қатысқанын атап өтті. Вайсфельд қазақстандықтың төрт және мексикалықтың бір жекпе-жегінде қызмет көрсеткен, ал Фельдман Альварестің үш және GGG-дің төрт кездесуіне төрелік еткен.

Ал Эставес Головкиннің де, Альварестің де жекпе-жектеріне қатыспаған. Алғашқы жекпе-жекте рингтегі рефери Кенни Бейлесс болған, алайда, ол 15 қыркүйеккке өзін қоймауын сұрады.

Айта кетейік, Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети