23 сәуір 2018 09:22

Головкин "Канеломен" жекпе-жекке шығу үшін кез келген уақытта допинг сынағынан өтуге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © boxingscene.com Геннадий Головкин. © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері BoxingScene порталына берген сұхбатында қазақстандық боксшының мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жек өткізу үшін мамыр мен қыркүйек аралығында кездейсоқ допинг сынағын тапсыруға дайын, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Комиссия отырысында айтылған кейбір тұстар түсініксіз, мысалы ол өзінің лицензиясын қайтаруы тиіс пе? Альварес қыркүйекте кездейсоқ допинг сынамасынан өтеді дегенге сенеміз. Головкин оған дайын, ол мамыр мен қыркүйек аралығында кез келген уақытта тапсыруға даяр. Абель Санчес Головкин жекпе-жектерінде әрдайым антидопингтік агенттікпен тығыз жұмыс істеуге үгіттеп отырады. Бұл қарсыластарға да, Головкинге де байланысты айтылған", - деді Леффлер. 

Айта кетейік, екеуінің бірінші жекпе-жегі даулы жағдайда тең аяқталған еді, екінші кездесу 5 мамырға белгіленген еді, алайда мексикалық боксшы допингпен ұсталып, тамыз айының ортасына дейін спорттан шеттетілді. Ендігіде "Канелоның" орнына GGG америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жекке шығады. Бәске WBC, WBA (Super) және IBO белбеулері тігіледі, тек IBF титулы Головкиннің өзінде қала береді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети