Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкин келесі жекпе-жегін қашан өткізуі мүмкін екені белгілі болды

11 Қыркүйек 2016, 22:52
0

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жекті қараша айының соңында өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz Аllboxing.ru басылымына сілтеме жасап.

"Головкин Келл Брукпен болған кездесуден кейін ұзақ уақыт демалмайды. Оның келесі жекпе-жегі Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) қараша айының соңында өтуі мүмкін. Сол күні рингке никарагуалық Роман Гонсалес те шықпақшы, ол да Лондонда өткен бокс кешінде жұдырықтасқан болатын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді. Сондай-ақ, кездесу алдында жағымсыз жағдай болды. Ағылшын көрермендері Қазақстанның әнұраны орындала бастағанда ысқырып, құрметсіздік көрсетті. Sky Sport телеарнасы отандастарының бұл әрекетін тәртіпсіздік деп сөкті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай