22 ақпан 2017 10:19

Головкин кез келгеннің басын жұлып алады - Джонсон

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Багамалық боксшы Туреано Джонсон Сауль "Канело" Альварестің неліктен Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға асықпайтыны туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


Багамалық боксшы Туреано Джонсон Сауль "Канело" Альварестің неліктен Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға асықпайтыны туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Канело" мен Головкин арасында жекпе-жек былтыр өтуі керек болатын, алайда мексикалық боксшы салмақ ауыстырып, WBC белбеуі Головкинге өтті. Дегенмен екі тарап биыл қыркүйекте жекпе-жек өткізу туралы келіскен.

"Канело" Головкиннің рекордына қауіп төндіре ала ма? Қиын сұрақ. Бірақ бұл жекпе-жекті созған сайын қызықтырақ болады. "Канело" орта салмақта үлкен жетістікке жетеді дейтіндер көп. Ол мықты, бірақ, кім жеңеді? Джейкобспен жекпе-жек өтпей тұрып, бұл туралы айту қиын. "Канело" GGG-мен жұдырықтасуға дайын ба? Бұл кез келгеннің басын жұлып алатын қарсыласқа шабуылдаумен тең. Сондықтан "Канелоның" салмақ көтеруге асықпай жүргенін түсіне аламын", - дейді Джонсон Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында.

Мұның алдында багамалық боксшы Головкинді қазіргі боксшылардың ішіндегі ең қорқыныштысы деп атап, Майк Тайсонға теңеген. Сонымен бірге, ол Джейкобс пен Головкин жекпе-жегіне өз болжамын да айтқан. Ал бұл жекпе-жектің жеңімпазына Джонсон міндетті қарсылас болатынын айта кету керек.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. "Канело" 6 мамырда кіші Чавеспен жұдырықтасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети