19 ақпан 2019 | 13:13

Головкин командасындағы жеңілмеген қазақстандық боксшы "Канело" мен Сондерстің салмағына өтті

© vesti.kz

Жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (13-0, 10 КО) дивизион ауыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz промоутер Том Леффлерге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жеңілмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (13-0, 10 КО) дивизион ауыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz промоутер Том Леффлерге сілтеме жасап.

Жартылай ауыр салмақта WBC жастар чемпионаты белбеуінің иегері төмен салмаққа түсіп, карьерасын супер орта салмақта - 168 фунтқа дейін (76,2) жалғастырады.

Реклама
Реклама

Мұның алдында мексикалық Хильберто Рамирес осы салмақта WBO белбеуін босатты, бұл титул үшін енді ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс (27-0, 13 КО) пен германиялық Шефат Исуфи жұдырықтасады.

Супер орта салмақта WBA Regular чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-2-1, 34 КО). Бұл тұжырым бойынша суперчемпион - ұлыбританиялық Каллум Смит (25-0, 18 КО). IBF бебеуі америкалық Калеб Плантта. Ал WBC және WBO белбеулері бос тұр.

Еске салайық, Ахмедов негізін қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) қалаған GGG Promotions компаниясында өнер көрсетеді. 

Уалихан Қосанбай


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная