Түркістанда шәкірті 42 елден шақырту алған ұстазға облыс әкімі көлік сыйлады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, Түркістанда Ұстаздар күні мерекесі құрметіне "Ұстазыма мың алғыс!" атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, Түркістанда Ұстаздар күні мерекесі құрметіне "Ұстазыма мың алғыс!" атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

"Құрметті ұстаздар! Баршаңыздың отбасыларыңызға – амандық, дендеріңізге – саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мереке құтты болсын! Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді", – деген Дархан Сатыбалды өңірдің білім саласында жеткен жетістіктермен де бөлісіп, елеулі еңбектің бәрі ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

Өңір басшысы республикалық, облыстық олимпиада және спорт жарыстарының жеңімпаздарын дайындаған 30 мұғалімге өз атынан марапат ұсынып, арнайы сыйлықтар табыстады. Оның ішінде 10 ұстаз "Ы.Алтынсарин" төсбелгісі мен 20 педагог "Құрмет грамотасын" алып, 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақымен ынталандырылды.

Көпшілікті таңғалдырған кеш тосын сыймен жалғасты. Дархан Амангелдіұлы айрықша еңбегімен көзге түскен ұстазды ерекше марапаттады. Шәкірті 42 елдің оқу орындарынан шақырту алған "Түркістан Білім-инновация" лицейінің география пәнінің мұғалімі Бастами Арғын Ержанұлына облыстың атын елімізден бөлек, әлемге танытқан ерен еңбегі үшін көлік кілтін табыстады. Оның шәкірті Ислам Әбдірахманов қазір АҚШ-та оқып жатыр. Бұдан бөлек, оқушылары республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған, өзі іскер, белсенді, облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері Төлеби ауданы, Қосан Мамытов атындағы мектебінің биология пәнінің мұғалімі, 6 баланың анасы Нұрилла Баймаханқызына ноутбук тарту етілді.

Ұстаздар қауымы көтеріңкі көңіл күймен арнайы жайылған дастарқанда қонақ болып, балалардың әзірлеген мерекелік концертін тамашалады. Өнерлі ұл-қыздар ән мен биден шашу шашты. Айта кетерлігі, Түркістан облысында жалпы 85 мыңнан астам педагог саналы ұрпаққа сапалы білім беріп келеді.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы білім беру ұйымдарында 500 мыңнан астам бала білім алады. Республикадағы әрбір 7-ші оқушы Түркістан облысында. Жаңа оқу жылында өңірде 1-сыныпқа 52 мыңнан астам оқушы қабылданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материалды Түркістан облысының әкімдігі ұсынды
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.31  course up  610.36  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer