06 қазан 2024 | 12:55

Референдум-2024: Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Ақтөбе өңірінің басшысы Асхат Шахаров облыс орталығындағы Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 орта мектепте орналасқан №541 учаскесіне барып, референдумда дауыс берді.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Ақтөбе өңірінің басшысы Асхат Шахаров облыс орталығындағы Ұзақбай Құлымбетов атындағы №64 орта мектепте орналасқан №541 учаскесіне барып, референдумда дауыс берді.

«Бүгінгі референдумға қатысты өз құқығымды пайдалана отырып, дауыс бердім. 18 жасқа толғаннан кейін ең бірінші рет дауыс бергенім есте. Содан бері еліміздегі ешбір саяси науқанды жіберген емеспін. Әрдайым белсенділік көрсету, өз құқын пайдалану, елдегі болып жатқан жағдайларға етене араласу - әр адамның құқығы және борышы», - деп атап өтті облыс әкімі.

Содан соң, Асхат Шахаров мектеп ауласында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралап көрді.

Мұндай шара Ақтөбедегі 5 референдум учаскесінде өтуде: Сарыжайлау көшесі, 20 Б; Сәңкібай батыр даңғылы, 145 Б; Тургенев көшесі, 70 А; Тәуелсіздік даңғылы, 4 А және 12 шағын аудан 37/1.

Жәрмеңкеде Ақтөбе қаласы мен Мәртөк ауданының өндірушілері тауарларын ұсынған. Ауыл шаруашылығы өнімдері - көкөністер, жемістер, ет, түрлі нан-тоқаш, Мәртөк балы және т.б. өнімдерін нарықтық бағадан төмен сатып алуға болады.

Айта кетейік, аймақта 569 845 сайлаушы бар. Олар 530 учаскеде дауыс береді. Сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Ақтөбе облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.09   526.18   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети