Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғап жүрген Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының иесі Оскар де ла Хойя Villainfy Media басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қыркүйекте екінші жекпе-жекке келісімін бермеген жағдайда, оның орнына басқа боксшыны іздейтінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Екінші жекпе-жекті өткізу - бұл біздің басты мақсатымыз. Біз барлығымыз қыркүйекті күтіп отырмыз - бірақ мен бірден айтайын - Головкин екінші жекпе-жекке келісімін бермеген жағдайда, біз оның орнына басқа боксшыны іздейтін боламыз. Ол жекпе-жектен бас тартса мен Дэниэл Джейкобс пен Билли Джо Сондерсқа ұсыныс тастаймын, өйткені Альварес қыркүйекте міндетті түрде шаршы алаңға шығуы тиіс. Бұрындары да айтқанымдай біз үшін басты мақса т- Головкинмен жұдырықтасу", - деді Де ла Хойя.
Сондай-ақ Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшының америкалық Ванес Мартиросян арасында өткен жекпе-жек туралы пікір білдірді.
"Головкин - Мартиросян жекпе-жегін тамашаладым, Головкиннің жеңісіне таңғалдым, Ванес те жақсы жұдырықтасты, ол шаршы алаңға шығып, белсенділік танытты, ал қазір бұл жеңіл жеңіс болды", - дейді промоутер.
Альварес допинг сынамасынан өте алмауына байланысты, Головкин 5 мамырда Лос-Анджелесте Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 KO) жұдырықтасып, екінші раунта нокаутпен жеңді. Сауль Альварес болса тамыздың ортасына дейін бокстан шеттеілген, ол шаршы алаңға 15 қыркүйекте келеді дп жопарланған.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.