1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин Мартиросянмен өтетін жекпе-жектің проморолигін жариялады

Головкин мен Мартиросян. © boxingscene.com Головкин мен Мартиросян. © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) әлеуметтік желідегі парақшаларында америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) өтетін жекпе-жектің проморолигін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин мен Мартиросян арасындағы кездесу 5 мамыр күні Лос-Анджелес (Калифорния штаты, АҚШ) маңындағы Карсон қалашығындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы төрт белбеуінің үшеуін сарапқа салады.

Сондай-ақ осы жекпе-жекте Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) арнайы белбеуі болады. Оған Bats'il Ajaw Chiapas деген атау берілді, тікелей аударғанда "Нағыз батырдың белбеуі"деген мағына береді. Ол негізінен WBC құрылтайшысы, Мексика президенті Адольфо Лопес Матеосқа арнғалған.