03 қазан 2017 10:16

Головкин Мексикада жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) қазан айының екінші жартысында Мехикоға барады, онда ол жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін қорға қаражат береді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) қазан айының екінші жартысында Мехикоға барады, онда ол жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектесу үшін қорға қаражат береді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы ESPN Deportes басылымына боксшының промоутері Бакуде өтіп жатқан 55-ші WBC Конвенциясында мәлімдеді. 

Сонымен қатар, Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкиннің табиғи апаттан зардап шеккен Пуэрто-Рико, Флорида және Хьюстон қалаларында зардап шеккендерге жәрдемдесетінін айтты.

Осыған дейін мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) жер сілкінісінен зардап шеккендерге бір миллион доллар қаражат бөлген еді. 

Еске салайық, өткен айда Мексика жағалауында магнитудасы 8-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері UTC уақыты бойынша сағат 04:49-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Трес-Пикос елді мекенінен оңтүстік-батысқа қарай 119 шақырым жерде орналасқан. Ал жерасты дүмпулерінің ошағы 33 шақырым тереңдікте болған. Қаза тапқандар саны 360-қа жетті. Шамамен төрт миллион адам жарықсыз қалды, көптеген ғимараттар бүлінген. 

Мұның алдында Головкин немістің Гифхорн қаласында бұрынғы әлем чемпионына үміткер Эдуард Гуткнехтті қолдау мақсатында 25 мың еуро берген еді. Гуткнехт әуесқой бокста Головкинді жеңген боксшы. Бұл 2005 жылы Германияда өткен Chemie Pokal турнирінде болды. Неміс боксшысы Головкинді ұпай санымен жеңген еді. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети