Головкин мен Әлімханұлы The Ring журналының қарашадағы рейтингіне кірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Әлімханұлы The Ring журналының қарашадағы рейтингіне кірді

Қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы қарашадағы рейтингте көш бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы қарашадағы рейтингте көш бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпион Головкин орта салмақта бірінші орында тұр. Жәнібек Әлімханұлы - жетінші орында.

The Ring бойынша топ-10:
1. Геннадий Головкин (Қазақстан).
2. Джермалл Чарло (АҚШ).
3. Деметриус Андраде (АҚШ).
4. Сергей Деревянченко (Украина).
5. Хайме Мунгия (Мексика).
6. Риота Мурата (Жапония).
7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан).
8. Крис Юбенк - кіші (Ұлыбритания).
9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания).
10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).

Еске салайық, Головкин де, Әлімханұлы да рингке қайта дайындалып жатыр. 29 желтоқсанда Головкин WBA белбеуінің иегері Риота Муратамен, 21 қарашада Жәнібек Лас-Вегаста экс-чемпион Хассан Н'Жикаммен кездеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети