Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді - БАҚ © Fightsaga

Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен рингте 17 қыркүйек күні кездеседі. Бұл туралы Tofight.ru жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен рингте 17 қыркүйек күні кездеседі. Бұл туралы Tofight.ru жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді. Кездесуді HBO телеарнасы ақылы трансляциялайды.

Екі боксшы да күздегі жекпе-жекке дейін бір кездесуден өткізеді. Альварес Cinco de Mayo мейрамы кезінде, яғни мамыр айында келесі кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. Головкин болса IBF титулына міндетті үміткер Туреано Джонсонмен наурыз айында жұдырықтасуы мүмкін.

Еске сала кетейік, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (46-1-1, 32 КО) пуэрториколық Мигель Коттоны (40-5, 33 КО) жеңіп, орта салмақта WBC тұжырымының жаңа чемпионы атанды. Жекпе-жек 22 қарашада өтті. Кездесуден кейін "Канело" Геннадий Головкинмен қазір болса да жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети