Альварес Коттоны жеңуі арқылы орта салмақта WBC чемпионы атанды

22 Қараша 2015, 11:55
0

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (46-1-1, 32 КО) пуэрториколық Мигель Коттоны (40-5, 33 КО) жеңіп, орта салмақта WBC тұжырымының жаңа чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жекпе-жек бүгін, 22 қарашада, Лас-Вегастағы Mandalay Bay аренасында 155 фунт (70,3 келі) аралық салмағының аясында өтті. Кездесу 12 раундтқа созылып, қазылар алқасының шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Айта кетейік, кездесуге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келіп, қонақ болды.

Еске салайық, осыған дейін Котто орта салмақтағы WBC титулынан айырылған болатын. Ендігіде Сауль Альварес бұл чемпиондықты міндетті түрде GGG-мен сарапқа салуы тиіс. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай