Головкин мен Альварестің жекпе-жектен түсірген табысы жария етілді

26 Қыркүйек 2017, 09:18
13
Головкин мен Альварестің жекпе-жектен түсірген табысы жария етілді - © vk.com/ggolovkin
© vk.com/ggolovkin

Daily Mail таблойды орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) Лас-Вегастағы жекпе-жектен қанша табыс тапқанына қатысты мәліметті жария етті. 

Басылымшың мәліметінше, Головкиннің табысы 25 миллион доллар да, Альварес 35 миллион доллар табысқа кенелген. Бұл қос боксшының да карьерасындағы ең көп гонорар. 

Алайда бұл сомаға билеттердің сатылымынан және ақылы трансляциялар жүйесінен (PPV) түскен қаражаттың кірген-кірмегені белгісіз қалып отыр. Головкин мен Альварестің кепілдендірілген гонорары үш және бес миллион доллар.

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өткен Головкин - Альварес жекпе-жегі 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Ал кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (13)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай