Головкин мен Альварестің көз арбасу рәсімінде болған жанжалдың видеосы тарады

15 Қыркүйек, 15:25
0
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жек алдында көз арбасу рәсімін өткізіп, шараның соңы жанжалға ұласқан болатын. Оқиғаның видеосын GGG командасы таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Ресми салмақ өлшеу шарасын тамашалауға тоғыз мың көрермен барды. Көз арбасу кезінде жанжал бола жаздады. Екінші болып келген Альварес Головкиннің маңдайына дейін жақындады, осыдан кейін мексикалықтың бапкерлері итерісіп, промоутерлер мен оққағарлар төбелестің болуына жол бермеді. 

Головкин - Альварес екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді, осыдан бір жыл бұрын олардың бірінші кездесуі осы жерде өтіп, екеуі тең түскен болатын. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекте таңертең өтеді.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай