Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегі өткен Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына бокс кешіне келушілер саны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегі өткен Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына бокс кешіне келушілер саны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер өзінің әріптесі мексикалық боксшының мүддесін қорғайтын Эрик Гомеспен реванш өткізу үшін келіссөздер өткізуге дайын екенін мәлімдеді.
"Мен әлі Альварестің командасымен сөйлескен жоқпын. Сол себепті біз Эрик Гомеспен отырып, сөйлесеміз. Мен оған бүгін хабарласуды жоспарлап отырмын, олардың қандай бағытта жүргісі келетінін білетін боламыз", - деді ол.
Айтуынша, ол Мигель Коттоның да Golden Boy компаниясымен қызмет атқаратынын біледі. "Ол Головкин - Альварес кездесуінің жеңімпазымен кездескісі келетінін айтқан еді. Геннадий әлі де чемпион, титулдары бар, барлығы да оны чемпион деп санайды. Сол себепті олардың не істейтінін көреміз. Әрине Альвареспен реанш өткізсек кездесудің деңгейі көтеріліп, бірінші жекпе-жектегі олқылықтардың орнын басар еді", - деп жазады Boxingscene.com Лефлердің сөзін.
Өз кезегінде Гомес Latimes.com порталына берген сұхбатында осы аптада Головкин - Альварес реваншын өткізу туралы келіссөздер басталатынын айтқан. "Жекпе-жек өте жоғары деңгейде өтті, сол себепті де реванш міндетті түрде керек. Осы аптада Том екеуіміз үстелге отырып, талқылаймыз. Кім жеңді, кім жеңілдіні анықтау үшін де осы реванш керек".
Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.