04 қазан 2019 17:21

Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегі қайда және қашан көрсетіледі?

Камила Долаева Журналист
© Тұрар Қазанғапов

Жексенбі күні таңертең қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізеді. Спортшылар IBF және IBO версиясы бойынша орта салмақтағы екі әлем чемпионы титулына таласады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокс кешін Kazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция 6 қазанда сағат 6-да басталады. Головкин мен Деревянченко арасындағы кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 9-да болады. 

Реклама
Реклама

Мына екі сілтеме арқылы тікелей эфирге қосылуға мүмкіндік бар: 

qazsporttv.kz/ru/live

qazaqstan.tv/live

Украина аумағында жекпе-жекті XSport телеарнасының көрермендері, ал Ресейде - "Чемпионат" сайтында алдын ала трансляцияны сатып алу арқылы тамашалауға болады. 

Бұған дейін Головкин-Деревянченко жекпе-жегінің тікелей трансляциясын британдық Sky Sports және француз Canal+ телеарнасы жариялаған болатын. АҚШ, Австрия, Бразилия, Германия, Испания, Италия, Канада, Швейцария және Жапонияда бокс кеші мен Головкин-Деревянченко жекпе-жегін DAZN стриминг сервисі көрсетеді. Бұл компаниямен Қазақстан наурыз айында келісімшартқа отырған. 

Басты жекпе-жектен бөлек, осы бокс кеші аясында GGG Promotions промоутерлік компаниясының спортшысы екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов өнер көрсетеді.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram