Головкин мен Джейкобс командалары келісімге келе алмай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин мен Джейкобс командалары келісімге келе алмай жатыр © sports.kz

Қазақстандық Геннадий Головкинның промоутері Том Леффлер Бүкіләлемдік бокс ассоциациясына (WBA) америкалық Дэниэл Джейкобстың командасымен келісімге келе алмай жатқандығын жеткізген, - деп жазады Vesti.kz басылымы allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.

Джейкобстың заңгері Леон Маргулес WBA-ға сұраныс жіберіп, онда саудаласқан жағдайда ережеде көрсетілгеннен бөлек гонорарлар қатынасын қолдануға рұқсат сұраған. WBA ережелері бойынша, егер жекпе-жек бойынша саудаласу кезінде келісімге қол жетсе, Super атағын иеленуші, бұл жағдайда Головкин жалпы гонорардың 75 пайызын, ал Regular атағын иеленуші, осы жағдайда Джейкобс 25 пайызын ғана алады.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі 10 желтоқсанда өтеді деп болжанған. WBA тараптарға келісімге келу үшін 10 қазанға дейін мерзім берген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети